
Исакулова Адас Уалхановна
Исакулова Адас Уалхановна 2018 жылдың қаңтар айынан бастап «Меруерт-Ана» бөбекжай-балабақшасы ЖШС-нің меңгерушісі қызметін атқарып келеді. Осы жылдар ішінде балабақша мен үшін жай ғана жұмыс орны емес, өмірінің ажырамас бөлігіне, жүрегіне жақын қасиетті ортаға айналды. Әр күн сайын бүлдіршіндердің шат күлкісі, олардың алғашқы жетістіктері мен ізденістері жаңа белестерге жетелейді.
Мектепке дейінгі білім беру саласы – үлкен жауапкершілік пен зор сүйіспеншілікті талап ететін мамандық. Адас апай үшін бұл қызметтің басты қағидалары – адалдық, жауапкершілік, кәсібилік және үздіксіз ізденіс. Әрбір тәрбиеленушіге қамқорлық танытып, олардың ата-аналарымен сенімді серіктестік орнату, әріптестерімнің еңбегін құрметтеп, шығармашылық бастамаларын қолдау – күнделікті жұмысының негізгі ұстанымдары.
Педагогикалық ұжымды басқару – тек ұйымдастыру жұмысы ғана емес, ең алдымен адамдармен тиімді қарым-қатынас орната білу өнері. Әр қызметкердің кәсіби әлеуетін байқап, оның күшті тұстарын дамытуға мүмкіндік беру, ұжымда өзара сыйластық пен қолдау мәдениетін қалыптастыру – басшының маңызды міндеттерінің бірі деп есептейді. Сенімге негізделген басқару ұжымның бірлігін нығайтып, ортақ мақсатқа жұмылдырды.
Кез келген ұйымда түрлі мәселелер мен күрделі жағдайлар туындауы мүмкін. Мұндай сәттерде басшы байыптылық танытып, әр тараптың пікірін ескеріп, әділ әрі тиімді шешім қабылдай білуі қажет. Осындай тәжірибелер адамның кәсіби шеберлігін шыңдап, төзімділікке, жауапкершілікке және өмірлік даналыққа тәрбиелейді.
Қазіргі заманғы білім беру ұйымының басшысы – басқару мәдениетін, педагогика мен психологияны терең меңгерген, жаңашылдыққа ашық, өзгерістерге бейім көшбасшы. Сондықтан ұжымда шығармашылық ізденісті, кәсіби дамуды және үздіксіз білім жетілдіруді басты назарда ұстайды. Педагогтер жаңа технологиялар мен тиімді әдіс-тәсілдерді меңгеріп, тәжірибелерін үнемі жетілдіріп отырады.
Балабақшада балаға бағытталған, қауіпсіз әрі дамытушы білім беру ортасын қалыптастыру – ұжымеың басты мақсаты. Әр тәрбиеленушінің қабілеті мен қызығушылығын ескеріп, оның шығармашылық әлеуетін ашуға жағдай жасауға ерекше мән береді. Педагогтер балалардың даралығын құрметтеп, олардың танымдық белсенділігін, дербестігін және өмірлік дағдыларын дамытуға бағытталған заманауи білім беру технологияларын тиімді қолданады.
Сонымен қатар ата-аналармен өзара сенім мен ынтымақтастыққа негізделген байланыс орнатуға ерекше көңіл бөлінеді. Баланың жан-жақты дамуы үшін отбасы мен балабақшаның бірлескен еңбегі шешуші рөл атқарады деп санайды. Осы мақсатта түрлі жобалар, шеберлік сағаттары, тәрбиелік іс-шаралар мен кездесулер ұйымдастырылып, ата-аналар балабақша өміріне белсенді түрде тартылады.
